Парапланмен ұшқан 74 жастағы әйелдің видеосы жұртты тәнті ентті

379

 Әжей өзінің арманын орындады.

Парапланмен ұшқан 74 жастағы әйелдің видеосы жұртты тәнті ентті Фото: бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде парапланмен ұшқан 74 жастағы қазақстандық әжейдің видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бейнежазбаны егде жастағы әйелдің қызы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Анашым 74 жаста. Ал істеп жүргені мынау. Не дейсіздер, ал?!", – делінген жазбада.

Видео Түркиядағы курорттардың бірінде түсірілген. 74 жастағы әжей шетелге демалысқа барып, парапланмен ұшқан. Ол әуеде қалықтап, қазақша ән де шырқады. Бейнежазбадан әжейдің бұл әрекетіне инструктордың тәнті болғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары "Апамыз қазіргі жастарға үлгі болсын", "Өмірдің қызығын көру керек", "Өскенде осы апа сияқты боламын", "Жарайсыз апай" деген пікір қалдырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу