Алматыда парашютпен секіру барысында қаза тапқан келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқаратын әскери қызметшінінің өлімі үшін оның командирі, аға лейтенант Біржан Қажиев 3 жылға сотталды, деп хабарлайды КазТАГ.
" Б. Қажиевті ҚР ҚК 453 бабы 2 бөлімі (қызметіне немқұрайы қарағаны үшін) кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын,жазасын қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінде өтесін", - деді үкімді оқыған Алматы горнизоны әскери сотының судьясы.
Сотталушы сот залында күзетке алынды.
Іс материалына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айында парашютпен жоспарлы секіру барысында келісім шарт бойынша борышын өтеп жүрген әскери қызметкер ефрейтор Ермек Өзбеков алған жарақатынан көз жұмды.
Хабарда атап өтілгендей, бірінші рет секірейін деп жатқан әскери қызметкерлер ең алдымен АН-2 ұшағынан немесе МИ-8, Ми-17 тік ұшағына секірулері керек. Алайда марқұм Е.Өзбеков, бұрын парашютпен секіріп көрмесе де С-295 маркалы ұшақтан секіретіндер тізіміне енгізілген.
Секіру кезінде ефрейтордың негізгі парашюты ашылмай қалған, ал оның тәжірибесі болмағандықтан, қосалқы парашютты қолдана алмаған.