Парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде офицер қаза тапты

897

14 қыркүйекте Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені "капитан", 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде офицер қаза тапты

Ведомствоның мәліметінше, қайтыс болған әскери тәжірибелі маман. "Бұрын ол 50-ге жуық парашютпен секіруді орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген".

Министрлік марқұмның туыстарының өтініші бойынша басқа ақпарат жария етілмейтінін хабарлады. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу