Параспортшы Малика Мұхтарова қайтыс болды

642

Малика Мұхтарова небәрі 23 жаста еді.

Параспортшы Малика Мұхтарова қайтыс болды Фото: zakon.kz

Қостанайда параспортшы Малика Мұхтарова өмірден озды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маликаның Instagram-парақшасында спортшыны ақтық сапарға қай жерде және қашан шығаратындығы мәлім етілген. 

Ол бала кезінен "Балалардың сал ауруы" диагнозы қойылғанына қарамастан, ол өзінің жанқиярлық еңбегі мен табандылығының арқасында 2015 жылы спорттық бал биінен Қостанай облысының бес дүркін чемпионы болды. 2016 жылдан халықаралық байқауларға қатысты.

2016 жылдың қыркүйегінде ол арбада спорттық биден өткен әлем кубогының қола медалін жеңіп алды. Жарыс Санкт-Петербург қаласында өткен болатын. Сол жылы Малика Тайваньда арбада отырып билеуден Азия чемпионы атанды. Чемпионатта 2 алтын және бір қола медаль еншіледі.

2017 жылдың маусымында ол Қазақстан чемпионы болды. Ал сол жылдың 20-23 қазанында Малика Бельгияда өткен әлем чемпионатында 2 қола медаль иеленді.

Содан кейін де Азия кубогында екі мәрте чемпион болып, әлем кубогында 2 қола бұйырды. 2021 жылы қостанайлық параспортшы Италияда өткен әлем кубогында күміс медальге, ал 2022 жылдың күзінде Словакияда өткен әлем кубогында алтын медальге қол жеткізген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу