Онда талқыға салынған басты тақырып - Францияда өтетін отыз үшінші жазғы олимпиадаға Қазақстанның қатысуы. Комитет бүгіннен бастап маңызды додаға спортшыларымызды дайындау, оларды жеткізу және орналастыру мәселесін шешумен айналыспақ. Айта кетейін, Париж 2024 олимпиада ойындары 26-шы шілде мен 11-ші тамыз аралығында өтеді.
"Париждегі Олимпиада ойындары ерекше өтетініне күмәнім жоқ. Бізді өте қызықты ойындар күтіп тұр, тіпті ашылу салтанатының өзі Сена өзенінің бойында болмақ. Токио мен Бейжіңде кездескен қиындықтарымызға қарамастан, осы жолғы олимпиадаға көп үміт артып отырмыз. Әр ойынды жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысатын 1200 адамнан құралған командамызға алғысымды білдіремін", деді ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков.