Қазақстандық көркем гимнастика құрамасының көшбасшысы Милад Карими 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық гимнаст көпсайыс бойынша іріктеуде 83,232 ұпай жинап, гимнастымызға Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алуға мүмкіндік берді. Бұл көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының жазғы Олимпиада ойындарына алғашқы лицензиясы.
Сондай-ақ, Милад Карими Азия ойындарында турникте және еденде жаттығу сайыстары бойынша финалға шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу