Париж-2024: ҰОК өкілдері Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді

558

Франция астанасындағы жазғы Олимпиада ойындары 2024-ші жылы, шілденің 26-ы мен тамыздың 11-і аралығында өтеді.

Париж-2024: ҰОК өкілдері Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді Фото: Liter.kz

Бүгін, 2023 жылғы 6 ақпанда, Парижде (Франция) 2024 жылғы Париж Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің штаб-пәтерінде ҰОК мүшелері 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиаданың комитет төрағасы Тони Эстангуэмен және Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кездесу барысында тараптар алдағы жылы Франция астанасы Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстанның қатысуын талқылады.

Күн тәртібінде қатысушыларды орналастыру және көлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ спортшылардың дайындық оқу-жаттығу жиындары сияқты ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ұйымдастыру комитетінің басшысы Тони Эстангу Қазақстан ҰОК-тың Ұйымдастыру комитетімен өзара қарым-қатынасын жоғары бағалап, ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

"Париждегі Олимпиада ойындары ерекше ойындардың бірі болмақ. Бізді өте қызықты Олимпиада күтіп тұр, соның ішінде Сена өзеніндегі Париж 2024 олимпиадасының ашылу салтанаты, Токио мен Бейжіңде өткен соңғы екі Олимпиада кезінде біз кезіккен қиындықтарға қарамастан, біз жаңаша қарқынмен жазғы Олимпиада ойындарына қатысамыз.Сонымен қатар, ойындарды жоғары деңгейде ұйымдастырған, 1200-ден астам адамнан тұратын команданың үйлесімді жұмысы үшін бүкіл Ұйымдастыру комитетіне алғысымды білдіремін". деді ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.
 
Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті (Париж 2024) ( ХОК), Францияның Ұлттық Олимпиада және спорт комитеті (CNOSF) және Париж қалалық кеңесі, Халықаралық Олимпиада комитеті қол қойған қабылдаушы қала туралы шартқа сәйкес 2024 жылғы Париждегі Олимпиада және Паралимпиада ойындарын жоспарлауға, ұйымдастыруға, қаржыландыруға және өткізуге жауапты ресми орган болып саналады.

Париж - 2024 директорлар кеңесінің құрамына ХОК мүшелері Гай Дрю мен Жан Кристоф Роллан, Париж мэрі Анна Идальго, президент Брижит Анрикес және Франция Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Дидье Семинье және басқа да мемлекеттік органдар мен спорт ұйымдарының өкілдері кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу