Париж-Астана, Шымкент-Ницца бағыттары бойынша әуе рейсін іске қосу қарастырылып жатыр

249

Қазақстан мен Airbus компаниясы A320neo әуе кемелерін жеткізу және авиациялық ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге келді.  

Париж-Астана, Шымкент-Ницца бағыттары бойынша әуе рейсін іске қосу қарастырылып жатыр Фото: gov.kz

Парижде Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің отырысы және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі XVI Үкіметаралық комиссияның мәжілісі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараларға Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев қатысты. Кездесу Airbus A320neo әуе кемелерін жеткізу жөніндегі меморандум папкаларымен алмасу рәсімі болды. Құжатта "Алғашқы 25 ұшақты жеткізу және кейіннен қосымша санын 25 ұшаққа дейін арттыру мүмкіндігі" қарастырылған.

Кездесу барысында Талғат Ластаев пен Airbus компаниясының вице-президенті Шарбель Юзкатли 2031 жылға жоспарланған әуе кемелерін жеткізу мерзімдері және оны жеделдету мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ, вице-министр Airbus-пен бірлесіп авиациялық оқу орталығын құру және әуе кемелерін лизингке беру мәселелерін көтерді.

ҮАК аясында халықаралық серіктестермен алдағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды: TAV Airports компаниясымен – Қазақстан әуежайлары инфрақұрылымын жаңғырту, Alstom компаниясымен – өнеркәсіптік кооперация бағытында.

Екі ел арасындағы көлік байланысын жақсарту үшін Париж-Астана рейсін қайта ашу және Шымкент-Ницца бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосу мәселелері қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу