Париж бен Вашингтон Ливандағы атысты тоқтату үшін жоспар құрады

163

Париж мен Вашингтон жақын арада 21 күнге уақытша атысты тоқтатуды көздейтін Ливандағы жағдайды реттеу жоспарын ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Франция СІМ басшысы Жан-Ноэль Барро мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Париж бен Вашингтон Ливандағы атысты тоқтату үшін жоспар құрады Фото: Известия

"Мен америкалық серіктестерімізбен (Израиль мен Ливан арасында) келіссөздер жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 21 күндік уақытша атысты тоқтату туралы келісім бойынша жұмыс істедім", – деді ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында.

Министр бұл "платформа жақын арада көпшілікке жария етілетінін" атап өтті.

"Біз екі тарап оны бейбіт тұрғындарды қорғау және дипломатиялық келіссөздерді бастау үшін еш кідіріссіз қабылдайды деп сенеміз", – деп қосты ол.

Израиль авиациясы дүйсенбі күні таңертең Ливанның оңтүстігі мен шығысындағы елді мекендерге жаппай соққы бере бастады. Ондаған бейбіт азаматтар жарақат алды.

Жауап ретінде Хезболла Израильдің солтүстігіне қарай ондаған зымыран атқан. Ливан үкіметі БҰҰ-ны "Израиль агрессиясын" тоқтатуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу