Париж электр скутерлерден бас тартты

535

31 тамыздан бастап Франция астанасында бұл транспортты қолдануға тыйым салынды

Париж электр скутерлерден бас тартты Фото: google.com

Көктемде Парижде өткен референдумда қала халқы жалға берілетін электр скутерлерінен толық бас тарту туралы шешім қабылдады.

Айта кетерлігі, бұл көлік түрі Парижде алғаш рет 2018 жылдан пайдаланыла бастады. 5 жыл ішінде олардың саны 15 мыңға дейін өсті. Алайда, көліктің бұл түрі танымал болған сайын жазатайым оқиғалар да көбейген.

Өткен жылы мұндай апаттан 3 адам қаза тауып, 495 жан жараланды. Елдегі кей операторлар 1 қыркүйектен бастап скутерлерді электрлі велосипедпен алмастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу