Париж Еуропада бірінші болып қалада электросамокаттарға тыйым салды

Бұл шешім қалалық референдумның қорытындысы бойынша қабылданды.   

Париж Еуропада бірінші болып қалада электросамокаттарға тыйым салды Фото: inbusiness.kz

1 қыркүйектен бастап Парижде электр электросамокаттарды жалға алу мүмкін болмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

Қала әкімдігі Парижде осы көліктер паркіне иелік ететін үш жеке оператормен келісім-шартты ұзартпайды. Осылайша сән әлемінің астанасы халыққа электр скутерлерін ұсыну қызметіне тыйым салатын алғашқы Еуропа қаласы болады.

Бұл қызметті ұсынатын компаниялар Париж көшелерінен тамыз айының соңына дейін самокаттарды алып кетуі керек.
Мұндай шешім электр мотороллерлерін пайдалану туралы қалалық референдумның қорытындысы бойынша қабылданған. Дауыс беруге 100 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. 2 сәуірде өткен референдумға қатысқандардың 89%-ы аталған көлік түрін қолдамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу