Париж халқы локдаунға қарсы

939

Франция астанасында тағы наразылық шеруі басталды.

Париж халқы локдаунға қарсы

Бүгіннен бастап бұл елде санитарлық шектеу күшейтілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Желтоқсан айына дейін тұрғындарға үйден 1 шақырымнан артыққа ұзап шығуына тыйым салынған. Сыртта бір сағаттан көп жүруге болмайды. Рұқсат қағазынсыз далада жүргендер көп мөлшерде айыппұл төлейді.

Үкімет шығынға ұшыраған шағын бизнеске 10 мың еуро береді. Жұмыссыз қалғандар мемлекеттік жәрдемақы алатын болады. Осындай көмекке қарамастан, халықтың үйде отырғысы жоқ.

Франция билігі екінші локдаун кесірінен экономиканың белсенділігі кемі 15 пайызға баяулайды деп жатыр. Пандемия басталған кезде бұл көрсеткіш екі есе жоғары болған. Осыған қарамастан үкімет халыққа берілетін қаржылай көмектің мөлшерін 7 млрд еуроға дейін көтерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу