23 тамыз халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" аумағындағы Нидерланды патшалығының павильонында бүкіләлемдік "80 Days Race" жарысына арналған баспасөз отырысы өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Бүкіләлемдік "80 Days Race" 2019 жылы өтетін алғашқы шара. 40-тан астам команда Париждегі Эйфель мұнарасы жанынан жарысты бастап, әлемнің 8 ірі қалаларын қазба жанар-жағармайын қолданбай аралап шығады. Командалар 80 күн ішінде 40 000-ға жуық шақырымды бағындыру керек. Тек қалыпқа келетін ресуртсар арқылы жұмыс істейтін көлік құралын пайдаланып, күніне 500 шақырымды жүріп өтулері тиіс.
Журналистер жарыс өкілдерімен, жарыстың құрметті өкілі Бертран Пиккармен, "80 Days Race" жарысының негізін қалаушылардың бірі Франк Мандерсонмен және додаға қатысушы Астанаға өзінің электрмобильінде жеткен Крис Рамсимен кездесті.
"Қазақстан – тез дамып жатқан және өзінің болашағын жасап жатқан инновациялық, өршіл ел. Астана – бұл мемлекеттің даму айғағы. Қазақстанның жаңаруға ашықтығы және оның болашақтың технологиясын инвестицияландыру ұмтылысы "Болашақтың энергиясы" ЭКСПО-2017 жобасында топтастырылған. "80 Days Race" жобасы да болашақтың технологиясын алға дамытуға бағытталған. Жоба біздің жарқын, таза, жаңа болашаққа үлесімізді қосуымыз, тұрақты технологияның дамуына септігімізді тигізуіміз болып табылады", - деді "80 Days Race" жарысының негізін қалаушылардың бірі Ф.Мандерс.
Астана қатысушылар өтетін сегіз қалалардың бірі болады. Пресс-конференция аясында "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС директоры С.Е.Айтекенов пен 80 Days Race B.V. компаниясының директоры Фрэнк Мандеср арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты тараптар Астана қаласында өтетін "80 Day Race" жарысының өтуіне дайындық жүргізу.
"Астанада мұндай деңгейдегі шараны өткізу болашақтың технологиясын дамыту бағытындағы үлкен қадам болып табылады. Біз оны өткізуге қаланы дайындауға қуаныштымыз", - дейді "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС директоры Санияр Айтекенов.