Париж келісімі Қазақстанға қандай міндет жүктеді?

2496

Парниктік газдардың шығарындылары 330 млн тоннадан асырылмайды. 

Париж келісімі Қазақстанға қандай міндет жүктеді?

Нұр-Сұлтанда өткен ақпараттық-консультативтік семинарда климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры Олжас Ағабеков Париж келісімі деген не және ол Қазақстанға қандай міндет жүктегенін мәлімдеді. 

Айта кетейік, 2015 жылы желтоқсан айында БҰҰ-да климат жөніндегі Париж келісімі қабылданды. Құжатты 195 ел мақұлдап, жер бетіндегі орташа температураның 2 градустан артық көтерілуіне жол бермеуге уағдаласты. Аталмыш келісімге біздің ел 1 жылдан кейін қосылды.  

"Қазақстан 2016 жылғы 3 тамызда Париж келісіміне қол қойды және 4 қарашада оны ратификациялады. Осы арқылы 2030 жылға дейін парниктік газдардың шығарындыларын  330 млн тоннадан асырмау міндеттемесін алды. Кейін бұл бастама 2050 жылға дейін жалғасатын болды. Мұндағы мақсат жасыл инвестиция нарығын дамыту, таза экологиялық орта құру болды", – деді Олжас Ағабеков.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу