Париж маңында адамдарға жасалған шабуылды ТГИЛ ұйымы өз мойнына алды. Бұл туралы Reuters-ке сілтемемен 24.kz хабарлайды.
Бұдан бұрын Париж маңында белгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдап, екі адам көз жұмған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда тағы бір адам қатты жараланған. Полиция арнайы операция жүргізіп, шабуыл жасаған қаскөйді залалсыздандырған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу