Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова короновирус инфекциясын жұқтырған соңғы 3 адамға қатысты ақпаратпен бөлісті.
"19 наурыз күні Париж-Минск-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейспен 73 жолаушы ұшып келді. Осы борттан 3 науқас анықталып, ауруханаға жеткізілді. Науқастармен бірге ұшып келген адамдар үй карантиніне жатқызылады", – деді Сәуле Қисықова.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу