Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте алдағы Париж олимпиадасында еліміздің байрағын кімдер ұстауы деген сұраққа жауап берді. Сөзінше, спортшылардың арасында үміткерлер бар.
"Жігіттердің арасында Асланбек Шымбергенов (ред. – боксшы) ту ұстауы мүмкін, ал әйел спортшының есімі әлі белгісіз. Лизенциялық күндер аяқталған соң Париж олимпиадасының ашылу салтанатында туды қай спортшы ұстайтынын хабарлаймыз", - деді ведомство басшысы Ермек Маржықпаев.
Айта кету керек, осыған дейін Париж олимпиадасына баратын ұлттық құраманың киімі демеушілердің есебінен тігілетінін жазған болатынбыз.