Париж олимпиадасына аттанатын ұлттық құраманың киімі демеушілердің есебінен тігіледі

210

Олимпиадалық форма маусымның аяғы мен шілденің басында дайын болуы мүмкін.  

Париж олимпиадасына аттанатын ұлттық құраманың киімі демеушілердің есебінен тігіледі Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев алдағы Париж олимпиадасына қатысатын отандық спортшылардың киіміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Қазіргі форма толығымен демеушілердің қаражаты есебінен тігіліп, дайындалатын болады. Бюджеттен бірде-бір теңге жұмсалмайды. Өздеріңізге мәлім, Ханчжоудағы (ред. – Азиада ойындары) киім үлгісіне бюджеттік қаржы кетті. Мұнда қаражат құрамаға жанкүйер біздің демеушілердің есебінен болады", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Сөзінше, Париж олимпиадасы 24 шілде күні басталады. Олимпиадалық форма маусымның аяғы мен шілденің басында дайын болады деп күтіліп отыр.  

Ермек Маржықпаев биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойыны және Париж олимпиадасы сынды екі үлкен дода болатынын жеткізді. Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары басталып та кеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу