Париж Олимпиадасында барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды

255

Ермек Маржықпаев ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді.

Париж Олимпиадасында барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ермек Маржықпаев ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді;

лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады:
    – төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген;
    – Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.
ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты;
спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.

Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу