Париж Олимпиадасында ел құрамасынан жарысты садақшылар бастайды

143

Садақшылар жарысты Астана уақытымен 17.15-те бастайды.

Париж Олимпиадасында ел құрамасынан жарысты садақшылар бастайды Фото: olympic.kz

Ертең, 25 шілдеде Қазақстан құрамасынан жарысты алғашқы болып садақшылар бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында еліміздің атынан алғаш болып садақ атушылар сынға түседі.

Аталған спорт түрінде ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко қорғайды.

Ал, жекелей сында спортшыларды рейтингілік раунд күтіп тұр. Жарыс нәтижесі бойынша олимпиадалық сетка анықталады. Ал, плей-офф кезеңі 30 шілде күні 1/32 финалдан басталады.

Садақшылар жарысты Астана уақытымен 17.15-те бастайды.

Франция астанасы Париж қаласында Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Еске салсақ, Париж Олимпиадасынан 26 мың журналист тікелей хабар таратады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу