Париж Олимпиадасында топ жарған спортшыларымыздың достығы елді сүйсінтті

1790

Олар қазақ еліне сыйлаған жеңістерін мойындарына тағып, фотоға түскен.

Париж Олимпиадасында топ жарған спортшыларымыздың достығы елді сүйсінтті Фото: Назым Қызайбай

Әлеуметтік желіде Париж олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов, Демеу Жадраев, Назым Қызайбай және Нариман Құрбанов төртеуі түскен фотоға желі қолданушылар қызыға қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ел намысын қорғап, жүлделі оралған спортшыларымыздың достығына жұрт мейірлене қарады. Олар қазақ еліне сыйлаған жеңістерін мойындарына тағып, фотоға түскен.

Елді риза қылған фотоны Назым Қызайбай өзінің әлеуметтік желісіне жүктеген.

– Ұлт рухын биіктеткен Қазақ елінің батыр ұл-қыздары бірліктеріңіз ажырамасын! Біздің мақтаныштарымыз! – деп жазып жатыр желі қолданушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу