Париж Олимпиадасының жүлделері ресми түрде таныстырылды

337

Парижде өтетін Олимпиада жүлделерінің ерекшелігі – әрбір медальға Эйфель мұнарасының бөлігі қосылған.  

Париж Олимпиадасының жүлделері ресми түрде таныстырылды Фото: dzen.ru

Париж Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті ойындардың жүлделерін ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Пішіні алтыбұрышты бөліктің ортасына Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі бедерленген. Бөліктің алтыбұрыш болу себебі: Франция картасы алтыбұрыш және бейресми түрде бұл елді гексагон деп атайды (латынша, гекса - алты).

Париждегі Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамыз аралығында өтеді. Спорттың 32 түрінен 329 жүлделер жиынтығы сарапқа салынбақ.

Әзірге, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 11 түрінен 19 олимпиадалық жолдаманы иеленді. Төртжылдықтың басты додасы басталғанша лицензиялар саны көбейері анық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу