Париж Олимпиадасының жүлдегерлері медалінің өңі өзгеріп кеткеніне шағымданды

Шағым айтқан қос спортшы да – франциялық.

Париж Олимпиадасының жүлдегерлері медалінің өңі өзгеріп кеткеніне шағымданды Фото: Polskie Radio

Ұйымдастырушылар оларға жаңасын ауыстырып беруге уәде берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Париж Олимпиадасында қол жеткізген медалінің адам танымастай кейіпке енгеніне спортшылар қапалы. Жүзу спортының өкілі Клеман Секки 4 ай өткенде жүлдесінің бояуы жоғалып кеткенін атады. Сондай-ақ, 400 метрге эстафета бойынша жүгіруден қола медаль иесі атанған Йоанн Ндойе-Бруар де әлеуметтік желіде медальдің суретін жариялап, сұрықсыз қалпын көрсетті. Бұл туралы L'Équipe спорт басылымы хабарлаған.

Осы күні спортшыларға Олимпиада ұйымдастырушылары медальді жаңасына ауыстырып беретінін айтқан.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында ел спортшылары жеті жүлдені қоржынға салды. Яғни, Елдос Сметов чемпион атанса, Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов, Нұрбек Оралбай күміс медальға ие болды. Сонымен қатар, Назым Қызайбай, Александра Ле мен Ислам Сәтбаев, Ғұсман Қырғызбаевтар қола жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу