Париж-Рубе біркүндік веложарысы қазан айына ауыстырылды

676

Велоспорттан Париж-Рубе біркүндік жарысы сәуір айынан қазанға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Париж-Рубе біркүндік веложарысы қазан айына ауыстырылды

Әлемдегі ең ежелгі веложарыстардың бірі 2-3 қазанда өтеді. Алғашында турнир 11 сәуірге жоспарланған. Алайда Франция билігінің коронавирус індетіне байланысты енгізген шектеулері салдарынан велобәйге күзге қалдырылып отыр. 

Аталған жарыс 2020 жылы да коронавирусты инфекцияға байланысты ұйымдастырылған жоқ. Ал оған дейін турнир бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана өткізілмеген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу