Париж тұрғыны 1 миллион еуро тұратын Пикассо картинасын ұтып алды

143

Бұл Пабло Пикассоның 1941 жылы салған "Әйел басы" туындысы.  

Париж тұрғыны 1 миллион еуро тұратын Пикассо картинасын ұтып алды Фото: t.me/BILD_Russian

Картина Christie's ұйымдастырған қайырымдылық лотереясында ойнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Париж тұрғыны 1 миллион еуро тұратын Пикассо картинасын ұтып алды. Нәтижесінде Ари Ходара жеңімпаз атанды. Ол 100 еуролық билетті соңғы сәтте сатып алған екен. Оған ұтыс туралы хабарласқанда, алаяқтар алдап отыр деп ойлапты.

Лотерея алдында 120 мыңнан астам билет сатылып, шамамен 11 миллион еуро жиналды. Жиналған қаражат Альцгеймер ауруын зерттеуге бағытталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу