Парижде әйгілі брендтің көрме коллекциясы ұрланды

404

Француз баспасөзі 2024 жылдың көктемгі маусымына арналған коллекция көрсетілімге 10 күн қалғанда жоғалғанын хабарлады. 

Парижде әйгілі брендтің көрме коллекциясы ұрланды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Әйгілі Balmain киім бренді Париж сән апталығында ұсынуы керек болған коллекция көрсетілім басталардан 10 күн бұрын ұрланды, деп жазады Inbusiness.kz.

Balmain сән үйінің директоры Оливье Рустен Instagram парақшасында 25 қыркүйек-3 қазан аралығында Париж сән апталығында ұсынылуы керек болған өзінің дизайн топтамасы жоқ болып кеткенін хабарлады.

Рустен коллекцияны тасымалдайтын жүк көлігін түнде әуежай маңында белгісіз адамдар тоқтатқанын айтты. Жүк көлігінде болған 50 заттан тұратын коллекция ұрланған.

Рустен енді барлық киім үлгілерін қайта дайындап, қалың көрерменге ұсынатынын айтты.

Ұрланған коллекция 2024 жылдың көктемгі маусымына арналғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу