Парижде Apple қызметкерлері ереуілге шығады

327

Олар жалақыны көтеруді талап етпек.

Парижде Apple қызметкерлері ереуілге шығады Фото: RT

Париждегі Apple дүкендері жаңа iPhone 15 іске қосылуына байланысты 22 және 23 қыркүйекте жалақының төмен болғаны үшін ереуілге шығады. Бұл туралы француздық franceinfo радиосы жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз әлемдегі ең бай компанияның қызметкерлері ретінде лайықты өмір сүруімізді сұраймыз", - дейді компания кәсіподағының төрағасы Рено Шатору.

Ереуіл Франциядағы жиырма дүкенде өтеді. Сонымен қатар, дүкендердің бірі орналасқан Париждегі опера алаңында демонстрация өтеді. Дүкен жұмыстарының тоқтауы бір сағаттан екі күнге дейін созылуы мүмкін.

Ереуілдің негізгі себебі қызметкерлердің жалақыны көтеру туралы талабы болмақ. Кәсіподақтар 7% өсуді сұрайды, ал компания басшылығы тек 4,5% көтеруге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу