Парижде Ауылшаруашылығы саясаты мен нарықтары саласындағы жоғары деңгейдегі жұмыс кеңесі өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кеңесте ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева қатысушыларды республиканың ауыл шаруашылығындағы болып жатқан процестермен таныстырды, осы ретте ол саладағы – өнімді өндіруден бастап экспортты қамтамасыз етуге дейінгі қызметтің кеңейтілген бағытын қамтып өтті.
ЭЫДҰ ұсыныстарының көп бөлігі агробизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін жоғарылату екендігін қозғады. Қазақстан тарапының өкілі "ҚазАгро" ұлттық холдингі мен оның компаниялары тобының ауылшаруашылығы саласын қолдау жөніндегі қызметі туралы айтты.
Оның айтуы бойынша Холдинг қазіргі уақытта ауылдық бизнесті қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ұлғайтуда. Осы процесс шеңберінде оның үш еншілес компаниясы бәсекелес ортаға беріледі.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы Вице-министрінің айтуы бойынша, "ҚазАгро" холдингінде корпоративтік басқаруды жақсарту мақсатында ЭЫДҰ талаптары ескерілген жаңа Корпоративтік басқару кодексі қабылданды.
Гүлмира Исаева ЭЫДҰ тығыз ынтымақтастықтың біріккен ұзақ мерзімді мақсаттарға жету үшін аса маңыздылығын атап өтті.