Франция астанасы Парижде мұғалімдер наразылық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды 24.kz.
Ұстаздар қауымы ел президентінің саясатына наразы. Мәселен, 2019 жылы білім беру саласында жаппай қысқарту жоспарланып отыр. Халықтың айтуынша, 3,5 мыңнан астам маман нәпақасынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ колледж бен лицейдегі мұғалімдердің мөлшерлемесі де азайтылмақ. Ал елдің білім министрі Жан-Мишель Бланке бұл өзгерістерге қарамастан, бастауыш мектептерде штат құрамы біршама ұлғаяды деп уәде етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу