Парижде Елдос Сметовтің ту көтеруіне жарыс ұйымдастырушыларының бірі кедергі келтірген

406

Бұл өз кезегінде жанкүйерлердің наразылығын тудырды.

Парижде Елдос Сметовтің ту көтеруіне жарыс ұйымдастырушыларының бірі кедергі келтірген Фото: Бейнежазбадан

Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов Олимпиада алтынын жеңіп алып, аренада Қазақстан туын алып жүрмек болғанда, жарыс ұйымдастырушылардың бірі оған кедергі келтірмек болған, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz порталына сілтеме жасап.

Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Еске салайық, 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сметов финалда жарыс қожайыны – франциялық Лука Мхеидземен татамиге шығып, жеңіске жеткен болатын. Бұл белдесуді Франция Президенті Эмманюэль Макронның өзі келіп тамашалаған.

Осы жеңістен кейін отандасымыз трибунадағы жанкүйерлердің бірінен Қазақстан туын алып, оны желбіретіп жүгіріп өтті. Ал, осы сәтте арнайы киім киген әйел тудың шетін ұстап, тартумен әлек болған. Елдос оған екі рет ескерту жасады.

Tengri Sport басылымының жазуынша, аренада туды желбіретіп жүгіріп өтуге ешқандай тыйым жоқ. Ұйымдастырушылардың неліктен мұндай қадамға барғаны түсініксіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу