Парижде электр самокаттарға тыйым салынды

424

Былтыр бұл қалада әрбір үшінші адам осы скутер кесіренен көз жұмған.

Парижде электр самокаттарға тыйым салынды

1 қыркүйектен бастап Париж көшелерінде жалға берілетін электр самокаттарға тыйым салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Франция астанасының билігі бұл шешімді сәуірдегі дауыс беру нәтижелеріне сәйкес қабылдады. Қала тұрғындарының 90%-ы электр самокаттарға тыйым салуды қолдап, дауыс берген. Бұған елде осы көлікті қолданған жандар арасында апаттың көбейгені себеп болған.

Париж көшелерінде осы көлік құралдарының 15 мыңға жуығы жалға берілген еді. Тамыз айында олардың саны азая бастады.

Айта кетерлігі, Париж осындай қатаң шара қабылдаған алғашқы еуропалық қала болды.

Полиция дерегіне қарасақ, былтыр Парижде әрбір үшінші адам осы скутер кесіренен көз жұмған. Ал жарақат алғандардың саны 500-ге жуықтапты. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 42 процентке көп.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу