Парижде электроскутерлер мен электросамокаттарды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

515

 Өзгеріс 1 қыркүйек күні іске қосылады.

Парижде электроскутерлер мен электросамокаттарды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін Фото: Фото: 1prof.by

Париж мэрі Анна Идальго осы жылдың күзінен бастап Франция астанасында электр скутерлерін жалға алуға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфаксқа" сілтеме жасай отырып.

"1 қыркүйектен бастап Парижде электр скутерлерін жалға алу болмайды", - деді Идальго жексенбіде өткен осы мәселе бойынша дауыс беруді қорытындылай келе, баспасөз мәслихатында.

Жалпы қалалық сауалнама барысында париждіктер бұл қызметке қарсы екендері анықталды.

"Париждіктер өз ұстанымдарын нақты білдірді және біз олардың шешіміне құлақ түреміз", - деді ол.

Қалалық дауыс беру нәтижелері бойынша париждіктердің 89%-ы сайлаушылар электр скутерлерін жалға алуға қарсы болды.

Дауыс беру консультативтік референдум форматында өтті, шешім жергілікті биліктің қарауына, бұл жағдайда Париж мэриясына ауысады, ол қала тұрғындарының пікірін қолдауға да, онымен келіспеуге де құқылы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу