Парижде ереуілдерге байланысты метро қатынасы тоқтатылды

574

Қала көшелерінде кептеліс толастамай тұр.

Парижде ереуілдерге байланысты метро қатынасы тоқтатылды Фото: report.az

10 қарашада Франция астанасында жолаушылар тасымалымен айналысатын RATP компаниясының қызметкерлері ереуілге шықты. Олар еңбек жағдайларын жақсартуды, жалақыны көтеруді сұрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфаксқа" сілтеме жасай отырып.

"Метроның жеті желісі жабық, басқаларында пойыздар тек таңертең мен кешкі уақытта жүреді", - делінген хабарламада.

Париж тұрғындары мен қонақтарына қала маңындағы кейбір пойыздардың жұмысы тоқтатылғаны жайлы ескертілді.

"Жұмыс берушілерден мүмкіндігінше қала маңынан жұмысқа қатынайтын қызметкерлерге бейсенбіде қашықтан жұмыс істеуге рұқсат беру сұралады", - деп жазады басылым.

Жұмыскерлердің басым көпшілігі наразылық акциясына шыққандықтан автобустардың үштен бірі қысқартылды, салдарынан 300 шақырымға созылған кептеліс пайда болды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу