Парижде күміс алған қытай спортшысы даяршылық қызметіне оралған

2542

Париж Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған қытайлық гимнаст еліне оралған соң бірден өзінің бұрынғы жұмысына кірісті, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz порталына сілтеме жасап.

Парижде күміс алған қытай спортшысы даяршылық қызметіне оралған Фото: metaratings.ru

Ол ата-анасына тиесілі шағын тамақтану орнында даяршы болып қызмет атқарып жүр.

Яцинь Чжоу Парижде өткен ойындарда Италия спортшысынан кейінгі сатыға жайғасып, екінші орынға ие болған еді.

Оның тұғырда тұрған сәті көпшілік назарына ілініп, әлем бойынша талқыға түскен.

Спортшы Олимпиададан кейін бірден өз жұмысына кіріскенін тамақтану орнына келген қонақтардың бірі байқаған.

Ол спортта жоғары жетістікке жеткеніне қарамастан, ата-анасына көмектесуді ұмытпағанын әлемдік БАҚ жаппай жазып жатыр.

Яцинь Чжоу Олимпиадада марапаттау рәсімінде Италия спортшыларына таңдана қарауымен ерекше назарға ілінді.

Жүлде алған спортшылардың медальды тістеп көргеніне таңданып, өзі де жүлдесін тістеп көрген еді.

Спортшы спорттық гимнастика бойынша бөренедегі жаттығуды көрсетіп, көптеген спортшыларды қапы қалдырды.

Оның ішінде 7 дүркін Олимпиада чемпионы, америкалық Симона Байлз да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу