Париждегі Лувр мұражайының төңірегі жұма күні пышақпен қаруланған белгісіз біреудің полицияға шабуылынан кейін қоршауға алынды, деп хабарлайды француздың жергілікті телеарнасы.
Жеңіл жарақат алған әскери қызметші өзіне шабуылдаушыға оқ атқан. Ол оқтан ауыр жараланған.
Мұражайға келушілер дереу көшірілді. Жақын маңдағы метро станциясы жабық.
Францияның СІМ мұны "қауіпсіздік саласындағы елең етерлік оқиға" деп отыр.
Француз БАҚ ақпараты бойынша, оқыс оқиға ер адам мұражаймен қатар орналасқан сауда орталығына кірмек болған кезінде орын алған.
Құқыққорғау органдары қызметкерлері оны қолындағы екі үлкен шабаданына байланысты ішкі кіргізбей қойған. Осыдан соң ол пышақ алып ұмтылған.
Кейін шабаданнан күдік тудыратындай ештеңе табылмады.