Парижде наразылар "Мона Лизаға" сорпа шашты

401

Леонардо да Винчидің XVI ғасырдағы ерекше туындысы – әлемдегі ең танымал тарихи мұралардың бірі. Қазір Париждегі Луврда сақтаулы тұр. ​

Парижде наразылар "Мона Лизаға" сорпа шашты Фото: Бейнежазбадан

Белсенділер биліктің ауыл шаруашылығы саласындағы саясатына осылай қарсылық білдірмек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал тарихи жәдігер оқ өткізбейтін әйнекпен қапталғандықтан ешқандай зақым келмеген.

Еске сала кетейік, соңғы бір апта бойы Францияда фермерлер салықтың өсуіне, жанар-жағармай мен мал азығының қымбаттауына байланысты наразылық жиындарын өткізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу