Парижде Олимпиаданың қауіпсіздік жоспарлары бар ноутбук ұрланды

368

Жергілікті полицияның мәліметінше, компьютер пойыздан қолды болған. 

Парижде Олимпиаданың қауіпсіздік жоспарлары бар ноутбук ұрланды Фото: ERR

Париж мэриясының қызметкері олимпиадалық қауіпсіздік жоспарлары бар ноутбук пен USB флэш-дискілерін жоғалтып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға 26 ақпан күні кешкі уақытта болған. Қалалық әкімдік қызметкерінің айтуынша, компьютер Солтүстік вокзалда (Гар-Ду-Норд) пойыздан ұрланған. Жәбірленуші ноутбук салынған сөмкесін орындықтың үстіндегі сөреге қойғанын, бірақ орынын ауыстырғалы жатқанда заттардың жоғалып кеткенін байқағанын түсіндірді.

Полиция өкілдерінің айтуынша, жәбірленушінің пойызы кешігіп, ол басқа рейске ауысуға шешім қабылдаған. Сөмке иесі компьютер мен екі USB кілтте құпия деректер бар екенін түсіндірді, атап айтқанда — Олимпиада кезінде муниципалды полицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарлары.

Оқиғаны тергеу аймақтық көлік полициясына жүктелді.

Франция астанасының билігі ағымдағы жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін өтетін Олимпиада ойындары кезінде қалалық полицияның 2 мың қызметкерін жұмылдыруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу