Парижде пышақпен жасалған шабуылдан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
"Сенбіде Парижде қаскөй бір адамды пышақтап, екіншісін жарақаттады, оны қамауға алар кезде "Аллах Ақбар" деп айқайлады", - деп хабарлайды агенттік.
Агенттік дереккөздерінің мәліметіне сүйенсек, қаскөй 1997 жылы дүниеге келген, радикалды діни ағымның жетегінде кеткен, сондай-ақ оның психикалық ауруы бар.
Ол француз және Францияда дүниеге келген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу