Парижде тағы теракт, қаза тапқандар бар

842

Парижде тағы теракт, қаза тапқандар бар

Туризм индустриясы комитеті Парижде жүрген Қазақстан азаматтарына Елисей алаңына бармауға кеңес береді. Франция астанасында теракт болды. Қаза тапқандар бар. Қазір оқиғаға байланысты Франция президенті мен премьер-министрі жедел шара жүргізіп жатыр. Әзірге белгілісі – атыс кезінде бір полицей мерт болған, тағы екеуі жарақат алыпты. Біреуінің жағдайы ауыр деседі. Қолда бар мәліметке сүйенсек, оқ атқан адам оқиға орнында өлтірілген. Дегенмен жандармдар оның сыбайласы болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Алаң маңындағы көлік тұрақтарының бірінде бой тасалап жүруі мүмкін. Қалада дүкендер мен мейрамханалар қызметі тоқтаған. Метро станциялары бақылауда. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Автор: Арай Сүгірбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу