Парижде жылдамдықты 30-дан асыруға болмайды

812

Франция астанасында көліктің жылдамдық лимиті азаюы мүмкін.

Парижде жылдамдықты 30-дан асыруға болмайды

Шаһар басшысы Анн Идальгоның айтуынша, жуырда қабылданатын "Париж Манифесті" деген құжаттың арқасында жолдағы қауіпсіздік анағұрлым жоғарылайды.

"Көліктің барлық түріне жылдамдықты 30 км/сағ.-тан асыруға тыйым салынса адам өлімі азайып, тұрғындар шуылды сирек еститін болады", – деді Париж мэрі.

Қаланың айналма жолында ғана 50 км/сағ.-пен жүруге рұқсат етілмек. Айта кетейік, Франция астанасында экологиялық талаптарға сәйкес 2006 жылға дейін шығарылған дизельді көлікпен немесе жүк көлікпен жүруге қатаң тыйым салынған.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу