Париждің әлемге әйгілі Лувр музейі қызметкерлердің ереуіліне байланысты келушілер үшін уақытша жабылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Музей қызметкерлері еңбек жағдайын жақсартуды және басқару әдістерін қайта қарауды талап етуде. Кәсіподақтар Франция Мәдениет министрлігі мен музей басшылығымен жүргізілген келіссөздерде жеткілікті ілгерілеу болмағанын атап өтті.
Екі күн бұрын басталған ереуілге байланысты Лувр кемінде 14 қаңтарға дейін жабық болады.
Айта кетейік, 2025 жылғы 19 қазанда Луврда ірі ұрлық орын алды. Қылмыскерлер Галерея Аполлонға терезе арқылы кіріп, екі витринаны бұзып, жалпы құны 88 млн еуро болатын сегіз зергерлік бұйымды ұрлап кетті.