Париждегі марафонға Қазақстанның 20 азаматы қатысты

749

"Astana" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров марафонды 2 сағат 55 минутты жүгіріп өтіп, жақсы нәтиже көрсетті. 

Париждегі марафонға Қазақстанның 20 азаматы қатысты

Парижде ерекше марафон өтіп, оған 60 мыңдай адам қатысты. Олардың үштен бірі шетелден келіпті. Арасында 20-дан астам қазақстандық болған, деп хабарлайды 24.kz.

"Astana" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров марафонды 2 сағат 55 минутты жүгіріп өтіп, жақсы нәтиже көрсетті. Тағы  бір белгілі отандасымыз 42 шақырымнан асатын қашықтықта өзін сынап көрді.

Жыл сайын Парижде рекордтар орнату дәстүрге айналған. Биыл да француздық спортшы әйелдер арасындағы елдің үздік жетістігін жаңартты. Алайда қатысушылардың көбі рекорд үшін емес, өзін сынап көру үшін келеді.

Қатысушылар саны бойынша Париж марафоны жаңа рекорд орнаттты. Алғаш рет оған 60 мың адам тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу