Париждегі Пон-Нёф көпірі алып арт-жобаға айналды

224

Француз суретшісі JR-дің иммерсивті кеңістігі 28 маусымға дейін келушілерге ашық болады.  

Париждегі Пон-Нёф көпірі алып арт-жобаға айналды Фото: Deutsche Welle Telegram

Париждегі әйгілі Пон-Нёф көпірі маңында француз суретшісі JR-дің ауқымды арт-жобасы (инсталляция) орнатылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұзындығы 120 метр, биіктігі 18 метр болатын бұл жоба 6 маусымға дейін толық монтаждалады. Выставка 28 маусымға дейін келушілерге ашық болады.

Осы уақыт аралығында көпір иммерсивті оқшауланған тоннельге (замкнутое пространство) айналады. Жоба аясында күн сәулесі түспейтін кеңістік дыбыстық эффектілермен және толықтырылған шынайылық (дополненная реальность) технологиясымен үйлестіріледі.

Арт-жобаның музыкалық сүйемелдеуін Томас Бангальтер (Thomas Bangalter) әзірлеген.

JR-дің бұл жұмысы перформанс-суретшілер Христо мен Жанна-Клод (Christo и Jeanne-Claude) жұбына арналған омаж (hommage) болып табылады. Олар 1985 жылы Пон-Нёф көпірін 41 800 шаршы метр алтын түстес матамен қаптаған болатын.

Одан 10 жыл өткен соң олар Рейхстаг ғимаратын да матамен орап, әлемге әйгілі арт-жоба жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу