Париждегі Премьер-лигада Қазақстан қоржынына 3 қола медаль түсті

1184

Каратэшілер жылдың алғашқы ресми турнирін сәтті бастады.

Париждегі Премьер-лигада Қазақстан қоржынына 3 қола медаль түсті

Парижде каратэден жылдың алғашқы ресми турнирі – Премьер-лига додасы аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары рейтингілік жарыстан үш қола медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz. 

60 келідегі Дархан Асаділов Саудия спортшысы Альбашер Саудты 3:2 есебімен жеңіп, өз мансабындағы кезекті қола медальға қол жеткізді. 

67 келідегі Дидар Әмірәлі марокколық Закария Аюптан 7:0 есебімен басым түсті. Дидардың қарсыластың басына жасаған соққылары дәл тиген болатын. 

Ал осы салмақта сынға түскен тағы бір спортшымыз Асылбек Мұратов пен италиялық Донофрио Франческо арасындағы тартыс жанкүйер қызығушылығын турдырды. Өйткені, таразы басы сәт сайын теңесіп, кімнің жеңіске жетері ең соңына дейін жұмбақ болды. Қорытынды есеп 7:7 болып теңескен соң, алғаш болып соққы жасаған Мұратов жеңімпаз деп танылды. 

Осылайша, Қазақстан каратэшілері Олимпиада алдындағы лицензиялық турнирден үш қола медальмен оралып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу