ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде тұңғыш рет қазақ-қырғыз ақындары арасында достық айтыс өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Шараны Қазақстан мен Қырғызстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдіктері бірлесіп ұйымдастырған және қос елдің Парламент Төрағалары қолдау көрсетті. Тарихи айтысқа екі елден сегіз айтыскер қатысты. Суырып салма өнерінің майталмандары бір бірін сөзбен түйремеді. Керісінше, қазақ пен қырғыздың достығын, Франция жауһарларын жырға арқау етті. Жеңімпаздарды анықтау ашық дауыс беру арқылы жүргізілді.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені жерлесіміз Айбек Қалиев пен қырғызстандық Азамат Болгонбаев иемденді. Мәдени мұраны ұлықтауға қосқан үлестері үшін барлық ақындарға арнайы диплом мен сертификаттар табысталды.