Парижден Шанхайға шыққан ұшақ қонуға мәжбүр болды

839

Парижден Шанхайға шыққан ұшақ қонуға мәжбүр болды

Бірер күн бұрын Париж-Шанхай бағытымен ұшқан Boeing 777 ұшағында түтін шығып, Иркутскке қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды 24.kz.

Ұшақ бортында 282 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ. 3 күн бойы Сібірден шыға алмай қалған жолаушылардың барлығы қонақүйге жайғастырылды.

12 қараша күні Парижден Ресейге резервті ұшақ пен әуе кемесінің ақауын анықтау үшін бірнеше техникалық маман келгенімен, жолаушылар діттеген жеріне тағы жете алмады. Резервті ұшақтың да гидравликалық жүйесі істен шыққан екен. Енді жолаушыларды Шанхайға жеткізу үшін Иркутскіге үшінші ұшақ жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу