Парижде Сена өзенінің деңгейі көтеріліп, қаланың бірқатар ауданын су басты. Оған тоқтаусыз жауған нөсер себеп, деп хабарлайды khabar.kz.
Тасқын салдарынан Иль-де-Франс аймағының бір жарым мың тұрғыны эвакуацияланды. Табиғи апат көлік қозғалысына кедергі келтірген. Шаһарда бірнеше теміржол аялдамасы мен автокөлік жолдары жабылып, Сенада кеме қатынасы тоқтады. Париждің іргесінде мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Ал жергілікті билік: "Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді", – дейді. Франция астанасында алдағы күндері де жауын-шашынды ауа райы сақталады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу