Парижде қырғыз-қазақ айтысы өтеді

126

Бұл туралы Қырғыз Жогорку Кенешінің отырысында депутат Мирлан Самыйкожо айтты.

Парижде қырғыз-қазақ айтысы өтеді Фото: egemen.kz

17 мамырда Францияның Париж қаласында қырғыз-қазақ айтысы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, мұндай халықаралық айтыс сайысы Қырғызстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шара Қырғызстанның Франциядағы елшісі Садық Шер-Ниязбен бірлесіп ұйымдастырылмақ.

"Біз Жогорку Кенеш депутаты Шайырбек Ташиевпен және елші Садық Шер-Ниязбен бірге мәдениетімізге үлес қосу мақсатында қырғыз-қазақ айтысын өткізуді шештік. Менің ойымша, бұл болашақ үшін маңызды тарихи оқиға болмақ. Қырғыз сөзі, қырғыз тілі бүкіл әлемде шырқалса, комуз әлемнің түкпір-түкпірінде әуелесе, ал біздің ақындар халықтардың бірлігі мен ынтымағын, қырғыздар мен қазақтардың достығын жырласа, бұл өте жақсы болар еді", - деді Мирлан Самыйкожо.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу