Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

1298

Бүгін мәжіліс төрағасы өкімге қол қойды.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді Фото: parlam.kz

ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де Астана қаласында өтеді", - делінген Нұрлан Нығматулиннің өкімінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу