Парламент болашақ Конституциядағы Назарбаевқа қатысты норманы едел-жедел алып тастады

807

Парламент депутаттары Конституциялық заң жобасында Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты нормаларды едел-жедел алып тастады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Парламент болашақ Конституциядағы Назарбаевқа қатысты норманы едел-жедел алып тастады

"Қолданыста "Тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту" деген сөздер бар, оны Парламент Сенаты алып тастауды ұсынды. Қорыта келгенде, "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Конституциялық заң жобасына Парламент Сенаты енгізген толықтырумен келісуді ұсынамыз", – деді депутат Қожахметов.

Ұсынысты әріптестерді қолдады.

Айта кетейік, президент Конституцияны өзгертуді бекіту үшін референдум болатынын айтты. Осыған байланысты "Референдум туралы" заң жобасы әзірленді. Қолданыстағы заңға сәйкес, "Тұңғыш Президент" туралы норма референдумға шығарылмауға тиіс болатын. Бірақ енді ол халық дауысқа салып, қажет етпесе алып тастайтындай болып өзгертілді. Бүгін таңертең сенат депутаттары құжатқа осындай өзгерту енгізді, түстен кейін мәжілістің жалпы отырыс ұйымдастырылып, төменгі палата депутаттары келісім берді.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу